Сайт авторы
Кафизов Нұржан Бахриденұлы 1977 жылы туған, қазақ, білімі жоғары, 1998 жылы Екібастұз жоғары педагогикалық колледжінің математика факультетін және 2006 жылы Павлодар инновациялық Еуразия университетінің «Басқару мен ақпаратты өңдеудің компьютерлік жүйелері» мамандығын бітірген.
Педагогикалық еңбек өтілі – 20 жылдан жоғары. Санаты: педагог-зерттеуші. Қала әкімінің, облыстық білім беру басқармасының Құрмет грамотасымен, Ы.Алтынсарин төс белгісімен марапатталған ұстаз.
Еңбек жолын Екібастұз қаласындағы №26 қазақ орта мектебінде бастаған.
2004 - 2008 жылдар аралығында Екібастұз қаласында «Зерде» дарынды балалар мектебінде информатика пәні мұғалімі және директордың бейіндік пәндер бойынша орынбасары қызметін атқарды. 2008 жылдан бастап аталған мектептің директоры және информатика пәнінің мұғалімі.