«Жас өрендер алаңы» театр фестивалі
Мектебімізде «Жас өрендер алаңы» атты театр фестивалі жоғары деңгейде өтті. Аталған шара оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға, өнерге деген қызығушылығын арттыруға бағытталды.
Фестиваль барысында әр сынып өз өнерлерін ортаға салып, түрлі қойылымдар көрсетті. Оқушылар сахна мәдениетін, актерлік шеберліктерін көрсетіп, көрермендерге ерекше әсер сыйлады. Әр қойылымның мазмұны терең, тәрбиелік мәні зор болды.
Шара барысында қатысушылардың таланты мен еңбегі жоғары бағаланып, үздік өнер көрсеткен оқушылар марапатталды. Бұл фестиваль жас өнерпаздардың өздерін көрсетуіне үлкен мүмкіндік берді.
Осындай мәдени іс-шаралар оқушылардың жан-жақты дамуына ықпал етіп, өнерге деген сүйіспеншілігін арттыра түседі.



"Екі жұлдыз" байқауы
Мектебімізде «2 Жұлдыз» байқауы ұйымдастырылып, оқушылар мен ұстаздардың өнерге деген сүйіспеншілігін тағы бір мәрте дәлелдеді.
Байқауға әр сыныптан құралған жұптар қатысты. Әр жұп сахнада өз өнерлерін көрсетіп, көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Қатысушылар заманауи және халық әндерін орындап, сахналық мәдениетімен, дауыс ерекшелігімен және үйлесімділігімен көзге түсті.
Қазылар алқасы өнерпаздардың вокалдық шеберлігіне, сахнада өзін ұстауына, шығармашылық жаңашылдығына ерекше мән берді. Әрбір жұп тыңғылықты дайындықпен келгені көрініп тұрды. Көрермендер де қатысушыларға ыстық ықылас білдіріп, зор қолдау көрсетті.
Байқау соңында жеңімпаздар арнайы марапаттармен және дипломдармен марапатталды.
«2 Жұлдыз» байқауы мектебіміздің мәдени өміріндегі жарқын оқиғалардың бірі болып есте қалды. Осындай шаралар оқушылардың талантын ашып, шығармашылық қабілетін дамытуға үлкен мүмкіндік береді


«Жұмабек және жер майданы»
Бүгін мектебімізде «Жұмабек және жер майданы» кітабы желісі бойынша 11-сынып оқушыларының қатысуымен жиын өтті. Жиын барысында оқушылар Жұмабек Тәшенев туралы тың деректермен бөлісті. Арыстан жүректі тұлғаның ел мүддесі үшін атқарған ерліктері кеңінен айтылды. Бұл тағылымды жиынды мектебіміздің тарих пәнінің мұғалімі Арайлым Өкеновна жүргізді.


2 бет. Барлығы: 2



