Мектептің өзіндік ерекшелігі
Мектеп 5 күндік оқу аптасы бойынша бір ауысымда толық күн режимінде жұмыс істейді.
Оқыту тілі – қазақ тілінде. Облыстық бюджет есебінен қаржыландырылады. Оқыту тегін жүргізіледі.
2019-2020 оқу жылында мектептегі 18 сынып-комплектісінде 426 оқушы оқиды.
Мектеп жеке тұлғаны дамытуға бағытталған білім беру моделінде қызмет көрсетеді және келесі міндеттерді іске асырады:
білім беру мазмұнының жалпы мәдени және адамияттық бағытын күшейту, оның әмбебаптығы, білім берудің азаматтық функциялары рөлін, әлеуметтік қажеттілігін арттыру, балалар мен жастардың дене және психологиялық денсаулығын сақтау, нығайту, балалардың жалпы және пәнге байланысты қабілеттерін арттыруға бағытталу, барлық пәндердің мазмұнын қоғамдық компонентпен байыту, шығармашылық ойлау және жалпы дарындылықты дамытуға жағдай жасау.
Бастауыш сатының (1-4 сыныптарда) негізгі стартегиялық желі оқушының жеке қабілеттерін ашуға мүмкіндік беретін дамыта оқыту, бастапқы бағдарды және оқытудың жағымды уәждемесінің негізгі бастапқы шығармашылық дағдыларды қалыптастыру, балалардың психофизикалық дамуына жағдай жасау болып табылады. Инварианттық бөліктегі мамандандырылған компоненттен 1 сыныпқа «Сауат ашу», математика пәндеріне және 1-4 сыныптарға «Жаратылыстану» және 3-4 сыныптарға ағылшын тіліне қосымша сағаттар берілді. Вариативтік бөлімдегі жылжымалы жүктеме есебінен бүгінгі күн талабына сай, ата-ана, оқушы сұранысын ескере отыра 3-4 сыныптарға «Робот техникасы» және 1-4 сыныптарға оқушылардың логикалық ойын дамытуға негізделген «Қызықты математика» енгізілді.
Оқушылардың шығармашылық және зерттеушілік қызметін дамыту бойынша жеке сабақтан тыс жұмыстар үшін әр сыныпқа 4,5 сағаттан (0,25 жүктеме) бөлінген. Жеке және топтық дамыту сабақтары есебінен, жалпы даму блогында сауатты жазу, тілін дамытуға жағдай туғызу мақсатында «Тіл дамыту», «Мәнерлеп оқу», дүниетанымын кеңейту үшін «Әлемтану», «Шығармашылық ойлау» дене қозғалысын ретке келтіру, әсемдікке баулу мақсатында «Хореография» сабағы енгізіліп отыр.
Негізгі саты (5-9 сыныптар) оқыту мазмұны бастауыш мектеппен сабақтастық қағидасын іске асыра отыра, күрделірек танымдық процестерге өту үшін арнайы бейім мен дағдыны қалыптастыратын білім мазмұнын байыту және тереңдету, жеделдету старатегиясына бағытталған базалық білім беруді, жалпы дамуды және арнайы курстар таңдауды, білім беру саласына сәйкес бейіндендіруді жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.
5-9 сыныптарда оқушылардың бейіндік пәндер (қазақ тілі, математика, ағылшын тілі,информатика, биология) бойынша кең көлемде білім алуын көздейді. Пәндерді тереңдете оқытуға байланысты инварианттық бөліктегі мамандандырылған компоненттен 5а сыныбына математикадан, 5б сыныбына – информатика, 6а сыныбына математикадан, 6б сыныбына - ағылшын тілінен, 7а – информатика, 7б- биология, 8а- қазақ тілі (бейін), 8б- IT сыныбы (бейін), 9а- қазақ тілі, 9б - биология пәндеріне қосымша сағаттар бөлінген. Аталған сыныптардағы пәндерді тереңдетіліп оқытылуына байланысты инварианттық бөліктегі мамандандырылған компоненттен және вариативтік бөлімдегі таңдау бойынша пәндер, элективті курстардан қосымша сағаттар бөлінген.
Пәндерді ағылшын тілінде оқытуға байланысты 7б, 9б сыныптарында «Биология ағылшын тілінде», 9б -«Химия ағылшын тілінде» ағылшын тілі курстары белгіленген. Математикалық және жаратылыстану бағытындағы сыныптарға «Математикадан есептер шығару практикумы», «Программалау», «Ғылыми жаратылыстану сауаттылығы», «Физикадан есептер практикумы», «Физиканың алғашқы ұғымдары», 5-6 сыныптарда«Биологиялық практикум», «STEM–білім беру», «Химиядан олимпиада есептері» енгізілсе, гуманитарлық бейіндегі сыныптарға, «Практикалық қазақ тілі», «Қазақ тілі стилистикасы», «Әдебиеттану», «Практикалық ағылшын тілі», кейбір сыныптарда зерттеу жұмыстарын жетілдіру мақсатында «Ғылыми зерттеу негіздері» енгізілді. Оқушылардың дін туралы саяси мәдени білімдерін қалыптастыру мақсатында 9 сыныптарға «Зайырлылық және дінтану негіздері» курсына 1 сағат бөлінді.
Оқушылардың шығармашылық және зерттеушілік қызметін дамыту бойынша жеке сабақтан тыс жұмыстар үшін әр сыныпқа 4,5 сағаттан (0,25 жүктеме) бөлінген.Бүгінгі күн талабына сай, ата-ана, оқушы сұранысын есепке ала отыра 5-9 сыныптарда «Робот техникасы», техникалық білім беруді дамытуды көздейтін «IT технологиясы», «3Д модельдеу», «Медиа студия» және тілді дамыту мақсатында «Шешендік өнер сыры (дебат)», «Әдебиеттану», «Абайтану» курстары енгізілді. Сондай –ақ, олимпиадаға дайындық, ғылым негіздері бойынша білімдерін тереңдету үшін математика, физика пәндерінен олимпиадаға дайындық курстары,6б сыныбында «Химияның алғашқы ұғымдары», 7 сыныптарда «Өлкетану» 1 сағаттық апталық жүктеме берілді, әсемдікке баулу мақсатында «Хореография» енгізіліп отыр.
9-сыныптарда негізгі мектептің базалық пәндерінен жалпы білім беру дайындығы аяқталады және жоғарғы мектепте білім алушылардың бейіндік оқыту қырын саналы түрде анықтауға мүмкіншілік жасайды, сондықтан бағдар алды мақсатты көздеп, сәйкес пәндерге сағаттар белгіленген.
Жоғарғы саты (10-11 сыныптар) негізгі мақсаты - оқушылардың жекелеген пәндерден жоғарғы дәрежедегі білім алуы, мектептің алған бағытында және бағдарлы пәндерден білім беру стратегиясы мазмұнын байыту және интенсификациялау негізінде қосымша курстар оқыту, даралап және саралап оқыту негізінде ғылыми – зерттеушілікке және шығармашылық, өздігімен жұмыс істеуге машықтандыруды қалыптастыру және дамыту.
Дарынды балаларға арналған арнайы білім беру ұйымдарында пәндерді тереңдетіп оқыту мақсатында таңдау курстары, жеке және топтық консультациялар, дамытушылық сипаттағы сабақтар және оқушылардың таңдауы бойынша қосымша курстарды ұйымдастыру үшін 10-11 сыныптарға
4 сағат, әр сыныпқа үйірмелер, студиялар, ғылыми жобалар ұйымдастыру үшін мұғалімдерге 0,25 жүктеме (4,5 сағат)- жалпы даму блогына есебінен сағаттар берілген.
10 -сынып – жаратылыстану- математикалық бағытта, жаңартылған мазмұнда оқытылады. Таңдау бойынша пәндердің ішіндегі тереңдетілген деңгейде екі пән таңдалып отыр (ата-ана, оқушы таңдауы бойынша): физика және география (әр пәнге 3 сағаттан бөлінеді). Стандарттық деңгейде- «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» оқытылады. Инварианттық бөліктегі мамандандырылған компонентте химия, биология, Қазақстан тарихы.
Вариативтік бөліктегі таңдау бойынша пәндер: Дүниежүзі тарихы, құқық негіздері, информатика, «Графикалық және жобалау». Оқушылардың сұранысын, болашақ мамандықтарының желісі бойынша элективті курстарға «Физикалық есептер практикумы», «Химияның таңдаулы тараулары», «Математикадан есептер шығару практикумы», «Математикалық сауаттылық», тілді терең меңгеру мақсатында «IELTS» енгізіліп отыр.
Жеке тұлғаны бағыттау сағаттары олимпиадаға дайындауды көздеп, информатика, математика, химия, физика пәндеріне дайындыққа сағаттар бөлінді.
Оқушылардың шығармашылық және зерттеушілік қызметін дамыту бойынша жеке сабақтан тыс жұмыстар үшін «Web программалау», «Робот техникасы», «Шешендік өнер сыры (дебат)», «Цитология негіздері», «Хореография» енгізілді.
Қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы 11а сыныбындағы бағдар филологиялық және тарихи-қоғамдық. Соған сәйкес бағдарлы пәндер қазақ тілі мен әдебиеті,тарих. «Оқу сағаттылығы», «Эссе жазу», «Журналистика», «Абайтану», «Қазақстан тарихы тарауларынан», «Ертіс өңірінің саңылақтары», «Тас дәуіріндегі Қазақстан» сағаттары енгізілді.
Қорытынды аттестаттау мен Ұлттық бірыңғай тестілеуде математика пәнінің қажеттілігіне байланысты, оқушы, ата-ана, пән мұғалімдерінің сұранысына орай вариативті бөліктен 11а сыныптарына 1 сағаттан «Математикалық сауаттылық» курсына берілді, тілді терең меңгеру мақсатында «IELTS», зерттеушілік дағдыларын дамыту үшін «Ғылыми зерттеу негіздері» және әсемдікке баулу мақсатында «Хореография» енгізіліп отыр.
11б сыныбы жаратылыстану-математикалық бағыт бойынша екі бағдарға физика -математикалық және химия-биологиялық бағдарға сай бағдарлы пәндер математика мен физика және химия мен биология белгіленген. Бағытқа орай: «Математикалық сауаттылық», «Физикадан есептер практикумы», «Жалпы биология практикумы», «Тригонометрия», «Химиядан есептер практикумы», «Цитология негіздері» курстары белгіленсе, қорытынды аттестаттау мен ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындық ретінде және оқушылар сұранысына орай қажеттілікті ескере отыра «Оқу сауттылығы», «Эссе жазу», «Қазақстан тарихы тарауларынан» курстары енгізілді.
Оқу жоспарындағы вариативті бөлігіндегі мектеп, оқушы компонентіндегі қолданбалы, таңдамалы курстар бағдарлы пәндер бойынша білімдерін кеңейтуге арналса, жеке тұлғаны бағыттау компонентіндегі пәндер дарынды, ерекше қабілетті оқушымен жұмысқа арналған.
Сонымен қатар шарт негізіндегі жоғары оқу орнының ғалымдарымен шарт жасалып, білікті мамандарға жеке курстар мен лекциялар үшін жылына 1500 сағат есебінен қаражаттар бөлінеді.
Ерекше дарынды оқушылармен (республикалық, облыстық олимпиада, ғылыми жобалар сайысының жеңімпаздарымен) бағдарламалық материалды жеделдете өту мақсатында пән бойынша 0,25 жүктеме бөлінді.
Келісім – шарт бойынша жылына 1500 сағат көлемінде жоғары оқу орындары оқытушылары жеке курс, лекциялар өткізеді. Жеке пәндерді оқытуда қазақ тілі, орыс тілі, биология,тарих, география пәндерінен элективтік курстарға ПМПИ ұстаздары қосалқы жұмысқа тартылған:2 профессор, 1 ғылым кандидаты, 1 магистр және 1 аға оқытушы.