1-6-сыныптар үшін ғылыми жобалар сайысының талаптары
Жас зерттеушілер жұмыстары мен шығармашылық жобаларының
республикалық «ЗЕРДЕ» байқауының ережесінен
І. Жалпы бөлімі
1.2.Байқау оқушылардың танымдық қызығушылықтарын, ғылыми ізденіс пен зерттеу жұмыстарын өз еркімен меңгертуге, интеллектуальдық-шығармашылық қабілетін арттыру мақсатында өткізіледі.
Байқаудың басты шарттары:
Баланың интеллектуальды-шығармашылық даралығын, танымдық қабілетін жетілдіру, қызығушылығын арттыру, зерттеу жұмыстарын бала кезінен қалыптастыру;
Баланың ғылыми зерттеу жұмыстарына деген белсенділігін арттыру;
Баланың даму сатысын және ғылымда қосымша ізденісін қалыптастыру, ғылым әлемінің сипатымен таныстыру;
Байқауға қатысушылардың ғылыми жұмыстарына байланысты құрылған шығармашылық ұжым
Жас зерттеушілердің интеллектуальды-шығармашылығы аясында дөңгелек үстел өткізу.
ІІ. Байқауға қатысушылар
2.1. Байқауға жас зерттеушілер (1-7 сынып оқушылары) жеке, шығармашыл топ (2 оқушы) болып қатыса алады.
3.2. Байқау үш кезеңнен тұрады.
1 кезең – мектепішілік
2 кезең – іріктеу.
3 кезең – облыстық
Оқушылардың жұмыстары секцияларда қорғалады. Қатысушы өз жұмысын тек бір секцияда ғана қорғай алады. Жұмыстың қорғалу уақыты- 10 минут. Зерттеу жұмыстарын авторлар қазылар алқасының қатысу кезінде қорғайды. Зерттеу жұмысын қорғау кезінде тақырып таңдаудағы өзіндік дәрежесі және зерттеудің жүргізілуі бағаланады, шығармашылық ізденіс, мәселенің терең талқылануы, сұрақтарға берілген жауаптар қаралады. Жеңімпаздарды қазылар алқасы анықтайды. Зерттеу жұмыстарының қорытындысы қазылар алқасы хаттамаға бекіткеннен кейін хабарланады.
- Жұмыстардың мазмұны мен жабдықталуы
4.1. Байқауға 1-6 сынып оқушыларының аяқталған зерттеу жұмыстары қабылданады.
4.2. Байқауға қатысуға мына бағытта толтырылған жұмыстар алынады:
1 секция: қазақ тілі; қазақ әдебиеті
2 секция: орыс тілі; орыс әдебиеті
3 секция: математика; информатика
4 секция: физика; техника
5 секция: медицина; психология
6 секция: тарих; өлкетану; этномәдениеттану
7 секция: биология; химия
8 секция: экология; валеология
4.3. Зерттеу жұмыстары әр бағыт бойынша теориялық, эксперименттік, көркем және қиял-ғажайып жоспарларында болуы мүмкін. Зерттеу жұмысы қазақ немесе орыс тілінде таныстырылады. Жұмыс көлемі 20 беттен асуы керек. Беттердің нөмірлері белгіленіп, берілген аралықта жазылуы тиіс. Рецензия, пікір нөмірленбейді, жалпы бет санына кірмейді..
Титул (1-бет), аннотация (2-бет) жалпы бет санына кіреді, бірақ нөмірі жазылмайды.
4.4. Зерттеу жұмысына деген жетекші пікірінде, маманның зерттеуді бағалауында, зерттеушінің таңдаған тақырыбына қосқан жаңалықтары, жетістіктері мен кемшіліктеріне шолу болуы керек.
4.5. Жұмыстың жабдықталуына қойылатын талаптар:
1) жұмыс мәтіні толық компьпютерде басылып шығуы тиіс (WORD, 14 шрифт, 1,5 интервал, сол жақтан 2 см жол қалдыру) сондай-ақ:
- бастапқы бет;
- резюме (аннотация) – жұмыстың барысы туралы қысқаша мазмұндамасы;
-мазмұны; 3-беттен нөмірленеді
- кіріспе – жұмыстың тиянақты сипаттамасы, тақырыптың таңдалуы, мақсаты, жұмыстың жүзеге асырылған жері;
- негізгі бөлім: зерттеудің жабдықталуы мен әдістері, экспериментті бөлімі, шыққан қорытындылар және талқылау;
- әдеби ізденістер мен нақтылықтардың (отандық және шетелдік) зерттеу кезіндегі әсері;
- қорытынды ( нәтижелер мен ұсыныстар);
- пайдаланылған әдебиеттер тізімі;
2) бастапқы бетте көрсетіледі:
- жұмыс жүзеге асырылған ұйымның аты;
- жұмыстың тақырыбы;
- бағыты;
- секция;
- орындаушы (тегі, аты, сыныбы, мектебі, облысы, қаласы, ауданы);
- жұмыстың жетекшісі (аты-жөні, оқу дәрежесі, қызметі, жұмыс орны);
- жұмыстың орындалған уақыты;
4.6. Байқауда өз зерттеу жұмысын немесе ғылыми жобасын қорғайтын кезде қатысушылардың көрнекі - құралдары, сызбалары, суреттері не макеттері, сондай-ақ, дайындалған мәтіні болуы керек.
5.1. Байқаудағы жұмыстар мынадай ерекшеліктермен бағаланады:
- өзіндік даралық;
- шығармашылық ізденіс;
- берілген сұрақтарға жауаптардың толық болуы;
- мәселелердің тереңдеп талқылануы.