«Асыл сөзді іздесең...»

    «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткен қазақ тілі мен әдебиеті апталығы «Бір кітап – бір сынып» акциясы бойынша  М.Мақатаевтың шығармашылығымен ашылды. 7а сынып оқушылары дайындаған «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы бойынша көріністе  Ана бейнесін сомдаған Саида Ерсинованың актерлік шеберлігі оқушыларға поэманың идеялық құндылығын түсінуге, ХҮ мектепішілік Абай оқуларында 4 «А» сынып оқушыларының М.Әуезовтың «Абай жолы» романы бойынша «Бала Абай» тақырыбындағы инсцинировкаланған көріністері ақынның балалық шағындағы ұлттық тәрбиенің рөлін ұғынуға  көмектесті. Дайындаған: Б.Ахмедьярова, Қ.Қапашева және Ж.Махметова. Қатысқан 110 оқушының ата – аналармен бірге шырқаған Абай әндері, ұлттық киімі,сахнада өзін-өзі ұстау мәнері, мәнерлеп оқу техникасы сайыс талабына сай, жоғары дәрежеде өтті.

       ХҮ мектепішілік Абай, Махамбет оқулары бойынша әділқазы алқасы шешімімен  ақын мұрасына терең үңіліп, жауапкершілікпен қатысқан 61 оқушы І,ІІ,ІІІ дәрежелі дипломмен, «Талаптың мініп тұлпарын», «Сөз шебері» номинацияларымен марапатталып, «Зерде» даму қорының есебінен ынталандыру сыйлықтары берілді.