Алғыс хат
Наурыз айының 17-20 аралығында Алматы қаласында тұңғыш Абай атындағы І республикалық олимпиада өтті. Олимпиада бүкіл адамзатқа ортақ тұлғаға айналған қазақтың рухани кемеңгері Абай шығармашылығына арналды. М.Әуезовтың «Абай жолы» романы бойынша түрлі шығармашылық тапсырма, романның кез келген жерінен үзіндіні жатқа оқу, сұрақтарға жауап беру, эссе жазу тапсырмаларынан сынақ тапсырған мектебіміздің 11-сынып оқушысы Амангелді Даниал ерекше белсенділік танытып, білімін көрсеткені үшін Алғыс хатпен марапатталды. Пән мұғалімі: Нуртаева Н.К