Мектеп мақтаныштары

Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мұғалімі, «Құрмет» орденінің иегері, академик Қанипа Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиеті бойынша республикалық олимпиадасына еліміздің әр облысынан 208 оқушы қатысты. Облысымыздың намысын терең теориялық біліммен қаруланған, өз қатарларынан озып шыққан мектебіміздің мақтаныштары 11-сынып оқушысы Меруерт Шакенова І орын, 10-сынып оқушысы Айдана Толеутаева ІІ орын алып, «Ең қымбат қазына – терең білім» екенін дәлелдеді. Оқушыларына тіл білімінің қыр – сырын үйретіп, әдебиетіміздің асыл маржанын меңгертіп, білім бәсекесіне сай дайындаған дарынды ұстаз – Қапашева Қымбат Қабатайқызына ұжымымыздың алғысы зор. Халықаралық және республикалық олимпиадаларының 61 жеңімпазы мен жүлдегері және оларды дайындаған ұстаздары қатысқан Павлодар облысы әкімінің жас зияткерлермен дәстүрлі салтанатты кездесуіне қатысқан Меруерт пен Айдананың білім шыңындағы жеңістерінің биік шыңы екендігінің дәлелі. Облыс әкімі Болат Бақауов кездесу қатысушыларына арналған өзінің үндеуінде жетістіктерімен құттықтап, олардың таланттары мен қабілеттерін біздің қоғамымыз талап ететіндігіне сенім білдіріп, оқушыларға өз елінің патриоты болуға тілек білдірді. Облыс әкімінің жеке алғыс сөздері ата-аналар мен педагогтарға арналды. Облыс әкімінің атынан оқушыларды құттықтау хаттарымен және ақшалай сыйақы сертификатымен марапатталып, облыстық «Дарын-2019» ескерткіш кітабына аттары жазылды. Елбасының «Ұлы даланың 7 қыры» мақаласын жүзеге асыруда ұлы бабаларымыздың есімдерін келешек ұрпаққа үлгі тұту, Машһүр-Жүсіп Көпейұлы мұраларын кеңінен насихаттау мақсатында өткен І Республикалық Мәшһүр оқулары да мектеп қанжығасын құр қалдырмады. Оқуға 12 облыстан 56 оқушы 4 бағыт бойынша ұлы баба мұрасынан өз білгендері мен ойға түйгендерін, болашақ қоғамға керек дегендерін ортаға салды. «Білімді зерек адам болам!» - десең, Қара өзіңді басқаның айнасымен» атты эссе жазуда 9-сынып оқушысы Мұхтарбек Әсел «Талантты жас» номинациясын иеленсе, жаңа әліппиді насихаттау мақсатында және академик Қ. Сәтбаевтың 120 жылдығына орай ұйымдастырылған оқушылар арасындағы облыстық жаппай диктант жазу конкурсында Нұрбекқызы Диана ІІІ орын алып, мектеп оқушыларының латын әліппиіне көшудегі дайындықтарының нәтижелілігін көрсетті. Пән мұғалімдері: Нұртаева Назымгүл Құдышқызы. Қалалық «Ұлы Отан соғысы» тақырыбында өткен эссе жазу конкурсында 5-сынып оқушысы Алина Оразбекова ІІІ орынмен марапатталды. Пән мұғалімі: Дусупова А.Ә. Шәкірттерімізді білім додаларындағы жеңістерімен құттықтап, жеңіс жолына жетелеуде терең біліммен қаруландырған ұстаздарымызға жазғы демалыстарыңыз сәтті өтсін демекпіз.