«Бастау» XІІІ республикалық математикалық турниріне жолдаманы жеңіп алды

Павлодар облысының білім беру басқармасы, «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы «Бастауыш сынып оқушылары арасында VII математикалық турнирін өткізді. Турнирдің негізгі міндеттері: - математикалық дарындылығы бар бастауыш сынып оқушыларды анықтау, қолдау және дамыту; - математикадан облыстың олимпиадалық құрама командасының резервін қалыптастыруға ықпал ету; Биылғы жанашылықтардың бірі - мамандандырылған мектептердің командалары жоғары лигаға, қалалық командалар – бірінші лигаға, аудандық қомандалар екінші лигаға кірді. Барлығы турнирге облыстық білім беру мекемелерінің 2-4 сынып оқушыларынан құралған 37 команда - 111 оқушы қатысты. «Зерде» мектебінен 2 команда қатысып, Жұмаш Мариям, Тураров Нариман, Асайын Ерасыл командалық ІІІ орын, жеке есепте Жұмаш Мариям ІІІ орын, Тураров Нариман ІІ орынды жеңіп алды. Командалық есепте Жасқайрат Акрам, Карагожин Асылзада, Серік Ибраһим І орынды жеңіп алып, 2-4 сынып оқушылары арасында Алматы қаласында өтетін «Бастау» XІІІ республикалық математикалық турнирінде Павлодар облысы намысын қорғауға жолдама алды. Математикадан терең білім берген мұғалімдері Төлеш Г.Б., Айтимова А.Б.., Ахметова Г.Ж.; команда ретінде қалыптасып, қиын тапсырмаларды шешуге жұмылдырған бапкері Камзина Д.К. Бірнеше жыл бойы қолға алып, осы сайысқа дайындықты ұйымдастырған оқу ісінің меңгерушісі Исабаева Г.Б.