География пәнінен ІХ облыстық жасөспірімдер олимпиадасында екі Құрмет грамотасы
15 қарашада өткізілген география пәнінен ІХ облыстық жасөспірімдер олимпиадасына мамандандырылған білім беру мекемелерінен, Павлодар, Ақсу, Екібастұз мен аудандардың жалпы орта білім беру мектептерінен 71 оқушы қатысты. Олимпиадаға үш лига бойынша мамандандарылған мектептер (жоғары лига), қалалық орта мектептер (орта лига), аудандық орта мектептер (кіші) өткізілді. Олимпиада қорытындысы бойынша 8- сынып оқушылары Умарова Раушан, Сұлтан Сабина (жоғары лига) «Құрмет грамотасымен» марапатталды. Пән мұғалімі Кенжебекова Үміт Тұрсынтаевна.