Облыстық ғылыми жобалар сайысында 10 оқушы марапатталды

Оқушылардың ғылыми-зерттеу және зияткерлік шығармашылығын дамыту мақсатында 2019 жылғы 22 қарашада Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетінде 8-11 сынып оқушылары арасында республикалық ғылыми жобалар конкурсының облыстық кезеңі өткізілді. Биылғы жылы іріктеуден – 23 оқушы 12 жоба өтті. Конкурс қорытындысы бойынша І дәрежелі диплом – Сейтказина Аяулым, Ержанова Айгуль, ІІ дәрежелі диплом – Кулмаханова Назгул, Жупарова Инара; Мағзұм Зубиля, Рахимова Наргиз; ІІІ дәрежелі диплом Төкен Ерасыл, Сапар Ахметолла; Рамазанова Анель, Темирова Дана. Ғылыми жетекшілері: Исабаева Гүлсара Бекеновна, Сыздыкова Сандуғаш Ағзаповна, Есмагамбетова Гульмира Кабылдиновна, Жумадилова Гүлнара Магатовна, Косыбаева Камшат Сапаровна.