Жалпы білім беретін пәндер бойынша облыстық пән олимпиадасында 10 жүлде
Павлодар қ. №16 лицей-мектебінде 2020 жылғы 5-6 қаңтарда жалпы орта білім беретін оқу орындарының 9-11 сынып оқушылары арасында 15 пән бойынша 58 облыстық пән олимпиадасы өткізілді. Оқушылардың жалпы білім беретін пәндер бойынша облыстық олимпиадасында "Зерде" мектебінен 25 оқушы қатысып, 10 орынды жеңіп алды. ІІІ орын: география Кингирова Айым, пән мұғалімі Кенжебекова Ү.Т. қазақ тілі мен әдебиеті Толеутаева Айдана, пән мұғалімі Капашева К.К. қазақ тілі мен әдебиеті Акипова Саида, пән мұғалімі Дусупова А.А. ағылшын тілі Темирбулатова Жулдыз, пән мұғалімі Айтжанова А.Е. орыс тілі мен әдебиеті Аяулым, пән мұғалімі Нуркина Е.С. ІІ орын: биологиядан Манапова Зарина, пән мұғалімі Мамынова А.Е. Қазақстан тарихы Аманкелді Даяна және Акимжанова Дания, пән мұғалімі Турганбаева А.О. Құқық пәнінен Тлектесова Дана, пән мұғалімі Темирханова А.Б. І орын: орыс тілі мен әдебиетінен Сушина Дана, пән мұғалімі Есмагамбетова Г.К. Сушина Дана республикалық пән олимпиадасына қатысу құрметіне ие болды.