Республикалық ғылыми жобалар сайысында екі қола медаль
13-16 ақпан аралығында Алматы қаласында өткен Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсына 800 оқушы қатысты. Павлодар облысынан қатысқан 46 оқушы, 35 жоба 5 алтын, 4 күміс, 12 қола жүлдеге ие болды. "Зерде" мектебінің оқушылары Жумадилова Альмира, Манапова Зарина ІІІ орынды жеңіп алды. Ғылыми жетекшісі Калиев Мансур Масгутович