турслет-2024
турслет 2023
лицей балы

02.10.2022 «Заманымыздың заңғар жазушысы»

02.10.2022 жылы Бүгін қазақ әдебиетінің классигі Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің туған күні. Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің туғанына 125 жыл - мерейлі жыл. Бүгінгі мектебімізде өткен ғылыми-практикалық конференция «Заманымыздың заңғар жазушысы» тақырыбында 9-10-сыныптар арасында өтті. Конференцияда қаралған негізгі мәселелер:

1.«Бала Мұхтардан дана Мұхтарға дейін» Мұхтар Әуезовтың өмірі мен шығармашылығына шолу.

2."Мұхтар Әуезов – қазақ әдебиетінің классигі" (әңгіме, повестері)/ «Адамдық негізі –әйел», «Қорғансыздың күні», «Оқыған азамат» әңгімелері бойынша/

3. «Көксерек» әңгімесі - адам мен табиғат арасындағы байланысты көрсететін шығарма.

4. «Қазақ драматургиясының тарланы» (драмалық шығармалары)

5. «Абай жолы» – ғасырлық туынды. Мұхтар Әуезовтің әлемге әйгілі роман-эпопеясы.

6. М.Әуезов және фольклор 1

7. «Естеліктер сыр шертеді» а) Мұражай, жәдігерлер (слайд арқылы таныстыру)

Баяндамашылар: 10-сынып оқушылары: Қуантаев Ислам, Совет Әлімхан, Байсауп Есімхан, Махметкерей Аружан, Оразалина Ақмарал, Шиянбина Анель, Тулеубаева Камила, Ниязова Дильназ мазмұнды,мағыналы баяндамалар жасап, қатысушыларға жазушы шығармашылығынан көп мәліметтермен таныстырды. Оқушыларымыз М.Әуезов қалдырған рухани мұраны толық игеріп, ақыл –білімнің кені болған заңғар жазушының шығармашылығы туралы көп нәрсе білді деген ойдамыз.

@bilim_basqarmasy

#мұхтарәуезов125жыл Р