27.12.2022 «Жаңа жылдық ғажайыптар аттракционы»
27.12.2022 жылы Балалар театрландырылған қойылымға қатысудан бұрын «Жаңа жылдық ғажайыптар аттракционы» атты төрт станциядан тұратын ойынға қатысып, эмоционалды көңіл-күйде болды. «Арманға жаңа жылдық қиялмен ұшу» станциясында балалар қиял-ғажайыптар, ғарыштағы жұлдыздар жайлы викторинадан өтті. Екінші «Жаңа жылдық VR-саяхат» станциясында виртуалды саяхатқа аттанды. Ал «Жаңа жылдық эко-фантазия» станциясында экологиялық таза заттардан балалармен бірге жаңа жылдық ойыншықтар жасап, өздеріне сыйға тарту етті. Павлодар облысы әкімінің атынан жаңа жылдық шыршасына 7 а сынып оқушысы Нурлыбекова Айбике қатысты.
@samal.aitkazina