18.01.2022 Жеңіс Шанаққызы Мейірман атындағы қазақ тілі мен әдебиеті пән кабинетінде 9-11-сыныптар арасында аймақтық пән олимпиадасы l
- 18.01.2022 жылы Қаз: ақ КСР халық ағарту ісінің үздігі, “Құрмет” орденінің иегері, ұлағатты ұстаз, тіл жаңашыры Жеңіс Шанаққызы Мейірман атындағы қазақ тілі мен әдебиеті пән кабинетінде 9-11-сыныптар арасында аймақтық пән олимпиадасы өтті. Бұл білім додасына Екібастұз, Байет ауыл мектептері мен «Зерде»мамандандырылған мектеп-лицейінің 16 оқушысы қатысып,өз бақтарын сынады. Олимпиада қорытындысы бойынша 7-оқушы жүлдегер атанды. Бас жүлде - Сагинтаева Нұрай, «Зерде» мектеп-лицейі; І орын - Мерекеқызы Мөлдіршаш, «Зерде» мектеп-лицейі; ІІ орын - Тамашбай Гүлнұр, Байет мектебі, Оразбекова Алина, «Зерде» мектеп-лицейі; ІІІ орын - Айтбаева Аружан, Екібастұз мектебі, Хурметбек Айбарша, Байет мектебі, Акишев Алихан, Екібастұз мектебі. Өз білімдерін сарапқа салған дарынды оқушыларға ұлағатты ұстаз Жеңіс Шанаққызы жүрекжарды ақ тілегі мен жылы лебізін білдіріп, оқушыларды мақтау қағаздары мен Алғыс хатпен марапаттады. Оқушыларға мектебіміздің ата-аналары демеушілік қорынан естелік сыйлыққа кітап берілді, жүлделі орын алған оқушыларға Жеңіс Шанаққызы өз кітапханасынан кітаптар сыйлады.
@bilim_ekibastuz @bilim_basqarmasy @samal.aitkazina @ekibastuz_otarka @ekibastuzskaia @kgubaietskaia @icro_pvl.kz