13.03.2023 «Үміт» балалар үйі
13.03.2023 жылы «Зерде» мамандандырылған мектеп-лицейінде қайырымдылық жәрмеңкесі өтті. «Өзін-өзі басқару» ұйымының мүшелері жәрмеңкенің нәтижесін шығарып, «Үміт» балалар үйіне қонаққа аттанды. @centr.podderjki.detei «Жүректе қалатындай уақытты қызықты және әсерлі өткізуге тырыстық. Бұл бір-біріне қолдау беретін мықты отбасы. Балалар - өте жан-жақты, қызығушылықтары мол екен. Менің ойымша, біз осы үлкен отбасымен жақсы тіл табыса алдық. Ең басты нәрсе - бұл шын ниеттің болуы. «Өзін-өзі басқару» ұйымы мүшелері балаларға бар көңілін арнады. Сүп-сүйкімді, ерекше балалармен танысқанымызға қуаныштымыз!», - деді мектеп президенті Жаикбаева Таисия.