26.09.2023 жыл. ' Жолдастық турнир
26.09.2023 жылы Біздің мектебіміздің төрінде «Зерде» мамандандырылған мектеп-лицейі мен «Екібастұз БИЛ»-дің арасында өткен жолдастық турнирдің нәтижелерін айқындау үшін марапаттау рәсімі өткізілді.
Турнирге екі мектеп 7-11 - сыныптар арасынан 5 командадан ұсынды. Жеңімпаздар кубок, диплом және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.
7-8 - сыныптар арасында:
I орын - 8-сынып БИЛ;
II орын - 7-сынып Зерде;
III орын - 8-сынып Зерде.
9-11 - сыныптар арасында:
I орын - 11-сынып Зерде;
II орын - 10-сынып Зерде;
III орын - 10-сынып БИЛ.
Жеке марапатқа «Ең мықты бомбардир» номинациясымен БИЛ-дің 11-сынып оқушысы Жұмагелді Әділ ие болды. Орын алмаған сыныптар қатысқаны үшін сертификатпен марапатталды. Құрметті оқушылар, марапаттарыңыз құтты болсын!!!