17.11.2023. Ата-аналар жиналысы
17.11.2023 жылы мектебімізде ата-аналар жиналысы өтті. І бөлімде арнайы мамандар: ПБ қызметкері Абылғазы С.Т.-нің “Қылмыс және жасөспірім”, мектеп психологі Буркутбаева Ж.Е-нің “Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың баланың психо-эмоционалды дамуына әсері”, ПК «Дисконт» 1 емханасының психолог-гинекологі Рахманова И.П-нің “Ерте жүктілікті алдын алу” тақырыптарында сөз сөйлеп, арнайы ақпараттармен, жадынамалармен бөлісті. ІІ бөлімде ата-аналар сыныптарға барып, сынып жетекшілер ұйымдастырған ата-аналарды қолдау сабақтарына қатысты. ІІІ бөлімде ата-аналар оқушының үлгерімі туралы пән мұғалімдерімен жеке кездесті.