турслет-2024
турслет 2023
лицей балы

5.02.2024. «Өзбекәлі Жәнібек және мәдение майдан» кітабының тұсаукесері

«Өзбекәлі Жәнібек және мәдение майдан» кітабының тұсаукесері

5.02.2024 ж Екібастұз қаласы, «Өнер» мәдениет сарайында өткен «Өзбекәлі Жәнібек және мәдение майдан» кітабының тұсаукесеріне мектептің ұстаздары мен жоғары сынып оқушылары барып қатыстық. Тұсаукесерді ктіптың авторы Санжар Керімбайдың өзі жүргізді. Тұсаукесерде тек кітап жайлы айтылған жоқ, қазақтың рухын оятатындай да әңгіме айтылды.

Тұсаукесердің жиналған халыққа әсер еткені сонша көпке дейін халық Санжар ағаны босатпай қойды. Өзіміздің мектептен қатысқан балалардан сұрадым, «қандай әсер алдыңдар?», -деп.

«Қазақтың ертегі-қиссларын, аңыздарын,  батырлар жырын кішкентай кезінен естіп өскен, жүргі құндылықтарға толған адамнан ғана шын мәнінде елім дейтін Алаш арыстарындай  мықты қайраткерлер шығатынына көзім жеткен болды»,-деп жауап берді.

Оқушыларды әкелгеніміз қандай жақсы болды деп ойладым.  Жалпы «Отбасы хрестоматиясы» қоғамдық қорымен «Зерде» мектебі 4-5 жылдай болды жақсы қарым-қатынас жасап келеміз.  Санжар, Сейілбек ағалар келіп ата-аналарға, балаларға көптеген жақсы дәрістер оқып тұратын. Пандемия кезінен бастап сол қарым-қатынас үзіліп қалған болатын, кеше қайта қауышып, рухани бір рақат алып қалдық. Ең бастысы балаларға Ұлттық рухты оятататын дән егілді деп ойлаймын. «Ел боламын десең бесігіңді түзе»,-деп тегін айтылмаса керек.

Нұржан Бахриденұлы