Абай үні ұрпақтар зердесінде
Биыл Абай Құнанбайұлының жүз жетпіс бес жылдық мерейтойы. Абай атамыз- қазақ халқының бас ақыны. Сондықтан бұл мерейтой ешкімді немқұрайлы қалдырмайды.Біздің мектебіміз бұл мерейтойға өте мұқият және жауапкершілікпен қарады. Дәстүрлі Абай оқулары осы жылы үш күнге созылды. Алғашқы күннен бастап мектебіміз ұлы ақынның өсиет сөздерімен безендіріліп тұрды. Мектепке кіргеннен соң, көз алдымызда Абай атамыздың суреті және өмірі жайлы мағлұмат жазылған баннер тұрды. Бастауыш, орта буын сынып оқушылары ұлы ақын өмірі жайлы мәліметтерге ерекше ықыласпен сыр тарта үңіліп жатқанының куәсі болдым. Және безендіруде маған ұнаған бір керемет компазиция болды. Ол бірінші қабатта Абай атамыздың шығармаларынан үзінділер жазылып тұрды. Олар ауада ұшып тұрғандай көрінді. “Абай атамыздың даналығы соншалықты, оның сөздері қасиетті күшке ие, сондықтан ауада көтеріліп тұрған сияқты” деген ойға келдім. Мен әр үзіндіге жақындап, жазылып тұрған сөздерді әрі қарай жалғастырып , сол жерде бірнеше уақыт тұрып,толғанып қалдым. Сабақтан соң, Абай оқулары басталды. Біз он бірінші сынып оқушылары гуманитарлық бағытта оқығандықтан әрі пән мұғаліміміз Қ.Қ. Қапашеваның бағыттауымен бұл мерейтойға қатысуымыз міндетті деп санадық. Сондықтан, басқа сынып оқушыларына, мектебімізге тарту ретіндне тосын сый дайындадық. Мен өзім Абай атамыздың жүз он өлеңін , он қара сөзін және бір поэмасын жатқа білемін. Кішкентай оқушыларға менің Абай атамыздың шығармашылығына деген үлкен махаббатым берілсін деген ниетпен өз жинағымды қазақ тілі мен әдебиет кафедрасына тарту етуім де бойыма ерекше бір сезім ұялатты. Өте қобалжулы сәт болды, бірақ мен өте қуанышты болдым. Бізден кейінгі жас балалар арасында ұлы ақын шығармашылығын сүйіп оқитындар саны көп болғаны мені бақытты қылып, жүрегіме жылу сыйлады. Дүйсенбі күні оқушылар жиынында іс шараның қорытындысы жарияланды. Мыңнан тұлпар, жүзден жүйрік шыққандар өзінің жүлделі орындарын алды. Барлығының қуанышында шек болмады. Біз де, жас түлектер, балаларды қолдап, қуанышты болдық. Біздің мектебіміз Абай атамыздың жүз жетпіс бес жылдығын өте жоғары деңгейде тойлап өтті деп ойлаймын. Әр бала халқымыздың бас ақыны жайлы мәлімет біліп, әр баланың Абай Құнанбайұлына деген махаббаты мың есе өсті деген ойға келдім. Осы орайда,еврей халқынан шыққан әйгілі В.Франклдың “Өмірдің мәні өзгеге қуаныш сыйлауда” деген сөзі мектептегі Г.Б.Исабаева бастаған қазақ тілі әдебиеті пәні мұғалімдерінің ұстанымы ма деген ойға қалдым. 11 А сынып оқушысы Мейрашева Зарина