Облыстық Мәшһүр оқуларының нәтижесі
Ізденіс нәтижесі М.Ж. Көпейұлы шығармашылығын кеңінен насихаттау мақсатында қашықтан өткізілген облыстық «Мәшһүр-Жүсіп оқуларының» «Бас болып өнер білсең...» (ғылыми жоба қорғау) бағытында бақ сынаған мектебіміздің 8а сынып оқушысы Әлішер Ағзап жүлделі ІІІ орынды иеленді. «М.Жүсіп Көпейұлының шығармаларындағы жер –су атауларының қолданысы мен шығу тарихы» тақырыбында Баянауыл өңіріндегі жер-су, елді мекен атауларының шығуы мен пайда болуын, мағынасын, қазіргі жағдайын салыстырып, зерттеушілік қабілетін жан – жақты көрсете білген Әлішердің ғылым жолындағы жеңісіне сәттілік тілейміз. Ғылыми ізденіс жолына бағдар берген жетекшісі: Сыздыкова С.А.