Дәстүрлі Абай оқулары
Биылғы 2020-2021 оқу жылында дәстүрлі ХҮІ мектепішілік Абай оқулары еліміздегі пандемиялық жағдайға байланысты үш кезеңде өтті. Қазан айында 9-11-сынып аралығында қашықтықта «Ұлы ақын, кемеңгер Абай» тақырыбында жүргізілді. Жеңімпаздарымыз облыстық Абай оқуларынан үш орынды еншіледі: «Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы » (Абай, Шәкәрім шығармаларын жатқа мәнерлеп оқу) бағытында 10 а сынып оқушысы Нүптеке Иманғали І орын алып, республикалық сайысқа жолдама алса, «Ақын қарасөздері» бағытында ІІ орынды Аббильмажитова Анель (10а) ІІ орын, «Көңілім әнді ұғады» бағытында Кенжебекова Елдана (8а) ІІІ орынды мектеп қоржынына салды. Наурыз айының 17, 18 жұлдызы күндері мектебіміздің киелі сахнасында 1-8-сынып оқушылары Абай атамыздың өлең - қара сөздерін жатқа айтып, әндерін шырқап, қауырсын қанат қаламдарынан шыққан өлеңдерін оқыды. 1-сынып ата –аналары сахнаны көркемдесе, 4-сынып оқушылары мен ата –аналары ақын өлеңдерін жатқа оқып, «Көзімнің қарасы» әнімен ашты. Облыстық Абай оқуларының жеңімпазы Нүптеке Иманғали(10-с) мен Сагинтаева Нұрай (9-с) қатысушыларға өлең жаттауда талап,ынта, табандылық,еңбекқорлықтың керек екенін және өлең жаттаудың тиімді әдістерімен ой бөлісті. Сайысқа 51оқушы қатысты. Ақын шығармаларын мәнерлеп жатқа айтқан 1-5-сыныпта оқушылардың жаттаған өлең сандары 33 пен 5 өлең арасында болды. «Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы» дегендей, Абай аталарына еліктеп, өлең жазған жас ақындарымыз сиясы кетпеген жырларын оқыды. Жас ақындарымыздың ішінде озып шыққандар: Амантай Інжу (5б ),Оразбекова Алина (7а), Асылғазы Асылы (7б), Кажимова Сұлу (6а). Ақын өлеңдерін жатқа айтуда 6б сынып оқушылары Темирболат Темирлан (30 өлең), Күзенбай Асанәлі (33 өлең) жаттаған. Ақын қарасөздерін түсініп, еш мүдірмей жаттаған Каирова Зарина (8б), Сағат Наргиз (7б), Жақсылық Арайлым (7а). «Өлең –сөздің патшасы» бағыты бойынша 33,24 өлең жаттап, мүдірмей, мәнерлеп оқыған Қайырбек Жанерке (3-с), Ағзап Аружан (5а), Нүптеке Кәусар (5б)- «Бас жүлдені»; Тұрсын Арайлым (5а) - Іорын; Қорытындысында, Бас жүлде -3, І орын -5; ІІ орын -11; ІІІ орын-11, «Талаптыға нұр жауар» номинациясымен 5 оқушы марапатталды. Сайыс соңында көрермендерге ақының өмірі мен шығармашылығына байланысты сұрақтар қойылып, ақын туралы білімдері сараланды. Әр оқушыға тағылымы мол, жылда өтетін дәстүрлі іс –шарада ақын өлеңдерін жаттауды жалғастыру міндеттелді. Исабаева Г.Б