"Оқуға құштар оқушы", "Оқуға құштар сынып" байқауы
Байқау жариялаймыз! Бәріңе, бәріңе, бәріңе!!! "Артық білім кітапта!" байқауы!Қалыс қалма,кітап оқы! Танымыңды кеңейт! Мемлекет басшысы Қасым – Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен «Оқуға құштар мектеп» жобасын іске асыруда мектепішілік «Артық білім кітапта» байқауын жариялаймыз! Оқушыларымыздың кітап оқуға құштарлығын арттыру және кітап оқуға ынтасын арттыру мақсатында «Оқуға құштар оқушы», «Оқуға құштар сынып» байқауының ЕРЕЖЕСІ: Әрбір қатысушы оқушы өз сыныбына сәйкес көрсетілген кітаптарды оқу және мазмұны бойынша тестен өту қажет; Тест мамыр айының 15-20 аралығында өтеді. Оқуға ұсынылған кітаптар: 1-2-сыныптар: Қазақ халық ертегілері «Ұр, тоқпақ!», «Алтын сақа» 3-4-сыныптар: «Ер Төстік», Б.Соқпақбаев «Менің атым Қожа» 5-сыныптар: Д. Лондон «Мексика ұлы», Марат Қабанбай «Жиһангез Тити» 6-сыныптар:М.Твен « Тома Сойердің басынан кешкендері», М.Әуезов «Көксерек» 7-сыныптар: Қ.Қайсенов «Жау тылындағы бала» повесі, Д.Дефо «Робинзон Крузо» 8-сыныптар: Б. Момышұлы «Ұшқан ұя », Ж.Вернь «Он бес жасар капитан» 9-сыныптар:Дулат Исабеков «Гауһартас», Р.Л.Стивенсон «Қазына аралы», 10-11-сыныптар: Ілияс Есенберлин «Алтын орда»,Ә. Нұршайықов «Махаббат, қызық мол жылдар ...» ,Б.Мұқай «Өмiрзая», Мұхтар Шаханов, Шыңғыс Айтматов «Құз басындағы аңшының зары» Барлық оқушыларды белсене қатысуға шақырамыз! Жеңімпаз оқушылар бағалы сыйлықтар мен дипломдармен марапатталады. І орын- ІІ орын – ІІІ орын – Жеңімпаздарды анықтау буын аралығында 1-4-с, 5-7-с,9-11-сыныптар аралығында жүзеге асырылады.