Рухани байлықтың қайнар көзінің бастауы– кітап оқу.
«Кітап оқуға құштар мектеп» жобасы аясында мектебімізде әр сәрсенбі күнгі сабақ «Бәріміз кітап оқимыз!» бірыңғай кітап оқумен басталады. Сабақтан 15 минут бұрын мектеп ұжымы түгел кітап оқып, қоңырау арасында оқыған кітаптары бойынша ой бөлісті. Кейбір сыныптар «Оқуға құштар сынып» байқауында берілген кітапты ұжым болып оқыды. Біраз оқырмандар түрлі гаджет құралдарынан кітаптың электронды нұсқасын оқуда. Ертегілер, танымдық энциклопедиялар, Б.Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа», «Жекпе - жек» шығармаларын бастауыш, орта буын оқушылары оқыса, ұстаздар,кіші қызметкерлер қауымы мен жоғары сынып оқушылары көбінесе тарихи романдар І.Есенберлин «Көшпенділер», Б.Мұқай «Өмірзая» т.б. шығармаларын оқыды.