турслет-2024
турслет 2023
лицей балы

Зерделі оқырмандар

Мектебімізде 23 сәуір халықаралық кітап күніне орай және «Оқуға құштар мектеп»акциясы аясында 1-2-сыныптар арасында Сұлтан Қалиевтің «Мейір шөп» әңгімесі бойынша оқырмандар конференциясы өтті.Кішкентай оқырмандар әңгіме мазмұны бойынша берілген сұрақтарға жауап беріп, жағдаятты тапсырмалар оындады. Бас кейіпкер Сұлтанның көрші атасына деген жанашырлығы, адамдарға жақсылық ойлау, қайырымды, мейірімді қасиеттерін кішкентай оқырмандар жақсы ашып берді. Әңгіменің оқылуы сиқырлы сандықшадан алынған сандар бойынша сұралып, әр оқырман кез келген жердің мазмұнын баяндап берді. Жекелеген оқушылар «Ең ұздік оқырман» номинациясымен Марал Рамазан, Әбілмансұр Өміржан, Ибрагим Асқар, Айзере Серикова марапатталса,біраз оқушылар "Ізденімпаз оқырман", " Зерделі оқырман", «Мен оқыған кітап» номинацияларын иеленді. Конференцияны жүргізген: 1-сынып мұғалімі Самал Шахманова.