турслет-2024
турслет 2023
лицей балы

Математика, информатика және физика пәндері апталығының қорытындысы

29042021 12021 жылғы 12 – 16 сәуір аралығында мектебімізде математика, физика және информатика пәндерінің апталығы «Эрудит» тақырыбында өткізілді. Аталған апталықты өткізу мақсаты – оқушылардың білімдерін тереңдетіп, математика, физика және информатика пәндеріне қызығушылығын арттыру, математикалық сауаттылығын жетілдіру, заман талабына сай жаңа технологияларды тиімді қолдану.

Апталық барысында интеллектуальдық, логикалық ойындар, викториналар, білім көрмесі өткізілді.

Математика пәнінің мұғалімдері Байсалбаева Қарашаш Амангельдиевна, Кенжетаева Сауле Куандыковна, Ерен Анаргүл, Асылғазы Елдос Мейрамұлы, физика пәнінің мұғалімдері Исабаева Гульдана Бекеновна, Калиев Мансур Масгутович, информатика пәнінің мұғалімдері Жумадилова Гульнара Магатовна, Убабаева Балнур Толеубаевна апталықты өткізуде оқушыларды ұйымдастыра білді.

«Ойна, ойлаң!!!» математикалық сайысында 5-сынып оқушылары қатысты. Екі 5-сыныптан алты оқушыдан екі команда таңдалып арасынан ең белсеңді топ озып шықты: І орын 5б сыныбы, ІІ орын 5а сыныбы.

6а мен 6б сынып оқушылары арасында «Кім жылдам» математикалық сайысы өтті. Сайысқа 6а сыныбынан «Тапқырлар», «Пифагор» топтары, 6б сыныбынан «Білімді амалдар», «Архимед шәкірттері» топтары қатысты. Ойын 4 бөлімнен тұрды. 1 бөлім «Бәйге» жарысында жылдамдыққа 10 сұрақ берілді. Жылдам тапқан топқа әр сұрақ үшін 5 ұпайдан беіліп отырды. 2-бөлім «Цифрлармен» есептер. Арифметикалық амалдарды қою арқылы теңдікті шығару керек. Орындаған оқушыға 10 ұпай берілді. 3-бөлім «Ойланайық, ойлайық» логикалық есептер берілді.

4-бөлімде «Полиглот» сайысында жұмбақ шешіп, жауабын үш тілде айту керек. Ойынныі нәтижесінде І орын 6а сынып «Тапқырлар» тобы иеленсе, 2-орынға 6б сынып «Бәлімді амалдар», ІІІ орынды «Пиафгор» тобы мен «Архимед шәкірттері» тобы иеленді.