" Артық білім кітапта..." байқауының жеңімпаздары
Оқушыларымыздың кітап оқуға құштарлығын арттыру және кітап оқуға ынтасын арттыру мақсатында жарияланған «Артық білім кітапта...» байқауының қорытындысы 21мамырда 1-5-сыныптар арасында өтті. Байқауға 140 оқушы қатысты. Дайындалған сұрақтар мен тест сұрақтарына дұрыс жауап беріп, жоғары ұпай жинаған 8 оқушы «Кітап оқуға құштар оқушы» аталымына ие болып, грамоталар мен демеушілік көрсеткен ата –аналардың көмегімен түрлі сыйлықтарға/ Тоғызқұмалақ, шахмат, танымдық кітаптар, спорттық доптар т.б/ ие болса, І орын – 13 оқушы, ІІ орынды – 15 оқушы, ІІІ орынды –18 оқушы мадақтама иеленді. Мектебіміздегі «Кітап оқуға құштар оқушыларымыз»: 1-сынып - Өміржан Інжу, 2 «А»сынып - Серикова Айзере; 2 «Б» сынып –Өміржан Әбілмансұр; 4-сынып - Мешітбай Айбар ,Төлеген Інжу «берілген екі кітапты толық оқыған); 5 «А» сынып - Бегайдар Елжан; 5 «Б» сынып – Амантай Інжу. Оқушыларымызға жазғы демалыста оқитын кітаптар тізімі берілді.