Сәттілік тілейміз!
Тамыз айының 24-27 аралығында өткен ХХІІ республикалық «Абай оқуларында» мектебіміздің, облысымыздың намысын «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» (Абай өлеңдерін жатқа оқу) бағытында –11 «А» сынып оқушысы Нүптеке Иманғали қорғап, жүлделі ІІІ орынды иеленді. Дайындаған пән мұғалімі: Дусупова Аклес Әділбайқызы.Ұлы ақын өлеңдерінің қайнар бұлағымен сусындап, жоғары нәтиже көрсеткен шығармашыл, дарынды ұстаз, шәкіртімізге білім жолында сәттілік тілейміз!