турслет-2024
турслет 2023
лицей балы

Ғылым сапарындағы қола медаль

Ғылым жолы - ашықтық пен ақиқат жолы. Алматы қаласында өткен биылғы оқу жылындағы оқушылардың республикалық ғылыми жобалар конкурсы осы мақсатта онлайн режимде өтті. «Қазақстан – 2050» стратегиясындағы Қазақстан дамуының экономикалық және әлеуметтік модельдері» тақырыбы аясындағы оқушылардың ғылыми зерттеулер конкурсы төрт бағыт бойынша жүргізілді. Ғылыми жобалар конкурсына 14 облыс, Алматы, Астана, Шымкент ққ. және республикалық білім беру ұйымдарынан 737 оқушы қатысты. Павлодар облысынан облыстық кезеңінің 49 жеңімпаздары мен жүлдегерлері 34 жобамен қатысты. Павлодар облысының командасы 3 алтын, 15 күміс, 11қола медальға ие болды. «Қазақстанның тарихи ескерткіштері және болашақ дамуы бар саяхат бағдарлары» бағытының адам және қоғам секциясында бақ сынаған мектебіміздің 9-сынып оқушылары Айгүл Ержанова мен Аяулым Сейтказина қола жүлдемен оралып, жеңіске жетті. Жеңіске жету жолы туралы Айгүл мен Аяулым былай дейді: «Ғылыми жобамыздың тақырыбы: «Жасөспірімдердің бос уақытын тиімді ұйымдастырудағы қайырымдылықтың рөлі». Бүгінгі таңда оқытудың жаңа әдістері, технологиялардың қарқынды дамуы, тығыз графиктер жасөспірімдер арасында ішкі жан дүниесінің бұзылуына әкеледі. Олардың бос уақытын тиімді өткізбеуі салдарынан қылмыс жасауы көбеюде. Осы өзекті мәселені шешудің бірден – бір жолы жолы – қайырымдылық деп шештік. «Не берсең де балаға бер, бала үшін жаса» — деген халқымыздың игі дәстүрі қазіргі кезде қайырымдылық қоғамдарының ерікті істерімен жалғасып келеді. Ерікті түрде «Бір үйдің баласындай» атты қайырымдылық концерттер ұйымдастырып, 300-ге тарта жасөаспірімдерді қайырымдылық жасауға тарттық. Әлеуметтік желі арқылы милық салдануға ұшыраған Загитова Айшаға 113 00 теңге және Лейкемия ауруына шалдыққан Темиров Арманға 192 200 т. қаржылай көмек көрсеттік. Еліміздің Президенті Қасымжомарт Кемелұлы Тоқаев 2020 жылы Волонтер /Еріктілер/ жылы деп жариялады. «Еріктілер – жаны таза адамдар. Олар елдің шынайы патриоты, сол үшін де құрметім шексіз» -деген еді. Сондықтан қазіргі жағдайда жасөспірімдер арасындағы қайырымды іс жасау мәселесінде біздің атқарған ісіміздің көмегі зор болды. Осы жолға біздің ісімізді мақұлдап, қолұшын созған «Достық үйі» мәдениет орталығының директоры Зауреш Сагидуловна, жасөспірімдер мен жастармен жұмыс атқаратын әдіскер Айдана Мухадатовналар, жастар кеңесі мүшелері мен ғылыми жетекшіміз Исабаева Гүлсара Бекенқызына алғыс айтамыз». Егеменді де өркениетті елдің бүгіні мен ертеңін өрге бастырар – бүгінгі жасөспірімдер. Болашақтың тізгінін ұстайтын жасөспірімдердің атқарар әрекетінің түп тамыры бүгінгі күнмен тығыз байланысты екендігін дәлелдеген жұмыстың еленгені мектеп ұжымын зор қуанышқа бөледі.