Қанатты сөз құдіреті
Қанатты сөздер құдіреті Абай есімі туған елінде ғана емес, бүкіл әлемге әйгілі екені сөзсіз. Биыл Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы тойлануда. Осыған орай, «Зерде» мектебінде де 25-28 ақпан аралығында Абай оқулары ерекше форматта өтті. Осы іс шараға бастауыш сыныптан бастап 11 – сынып оқушыларына дейін қамтылды. Абай оқуларының өтуіне орай қазақ тілі мен әдебиеті пәні тереңдетіліп оқылатын 9 а сынып ұжымы 1-қабатты ақынның қанатты сөздерімен безендірді. Оның ерекшелігі қанатты сөздердің әуеде қалықтап тұруы болды. Бұл көрініс мен үшін ақ қанатты құстар әуеде қалықтап жүргендей әсер қалдырды. Әр сөздің сырына үңіліп, тұшынып оқыған оқушылар толғаныста болдық. Ал Абай оқуларының соңғы күні тіпті әсерлі болды десек артық емес деп ойлаймын. 11 а сыныбы ұжымы бесінші сыныптан бастап жинақталған жыр қоржындарымен бөліскені Абай оқуларының мазмұнын әрлендіріп жібергендей болды. Жыр жинақтарын мектеп мұражайына сыйлыққа тарту етті. Осындай үлгілі істен кейін оқуға қатысып отырған әр үміткердің ынтасы арта түскені көрермен залының сілтідей тынуынан – ақ аңғарылып тұрды. Сұлтан Сабина 8 а сынып