Жалпыхалықтық диктант
14.11.18 күні мектебіміздің 9-11-сынып оқушылары мен мектеп мұғалімдері республикалық жалпыхалықтық диктантқа қатысты. Қатысушылар саны – 110. Диктант латын әліпбиінде жазылды. Жалпыхалықтық диктанттың мақсаты – жаңа қазақ әліпбиін насихаттау. Латын негізді қазақ әліпбиін практикалық тұрғыда меңгеруге дағдыландыру мақсатында республикалық деңгейде өтті.Диктант «Рухани жаңғыру» тақырыбында аудиожазба арқылы алынды.