«Зерде» мектебінің 2018-2019 оқу жылының оқу-тәрбие жоспарына байланысты VІ мектепішілік дебат турнирі өтті.
8,9,10-сыныптан 20 команда, яғни 60 оқушы қатысты. 7-сынып оқушылары таимкипер қызметін атқарды.
Биылғы жылы да тақырып таңдау ekbzerde.kz саиты арқылы сауалнама ретінде ұйымдастырылды. Көпшіліктің қалауы бойынша «Қазіргі жастар бос уақытын тиімді пайдаланбайды» резолюциясы қабылданды.
1 орын «Назар» тобы 10б сынып, «Нәзік» тобы 8а сынып
2 орын «Дат» тобы 9-сынып, «Жалынды жастар» 8а сынып
3 орын «Нұр» тобы 10а сынып, «Талапкер» тобы 10б сынып, «Ақиқат» тобы 8б сынып
«Үздік спикер» номинациясын төмендегі оқушылар ие болды: Жупарова Инара, Есентаева Адия, Куандыкова Индира, Акипова Саида, Смакаева Әйгерім, Ташенова Ралина, Абсаттарова Амина, Әбікен Нұрила.
Командаларды дайындауға жауапкершілікпен қарап, мектепішілік турнирдің жоғары нәтижеде өтуіне ықпал еткен Сыздыкова С.А., Дусупова А.А., Исабаева Г.Б., Есмагамбетова Г.К. «Үздік жаттықтырушы» номинациясы берілді.