Мамырдың 4-і ХІV мектепішілік ғылыми жобалар сайысы өтеді.
1-6-сыныптар үшін республикалық «Зерде» ғылыми жобалар сайысының талаптары (секция) негізге алынады.
Секциялар:
1 секция: қазақ тілі; қазақ әдебиеті
2 секция: орыс тілі; орыс әдебиеті
3 секция: математика; информатика
4 секция: физика; техника
5 секция: медицина; психология
6 секция: тарих; өлкетану; этномәдениеттану
7 секция: биология; химия
8 секция: экология; валеология
7-10-сынып аралығындағы ғылыми жобалар сайысының бағыты, секциясы республикалық ғылыми жобалар сайысының
8-11-сыныпқа арналған талаптарына сәйкес өтеді.
1-бағыт. Ғылыми - техникалық прогресс - экономикалық дамудың негізі
Секция: Физика, техника, экономика, жер және ғарыш туралы ғылым
2-бағыт. Экономикалық және әлеуметтік үдерістерді математикалық үлгілеу
Секция: Математика, қолданбалы математика, информатика, экономика
3-бағыт. Салауатты табиғи орта - "Казахстан - 2030" стратегиясын жүзеге асырудың негізі
Секция: Биология, химия, қоршаған ортаны және адам денсаулығын қорғау.
4-бағыт. Казақстанның тарихи ескерткіштері мен туристік бағыттың дамуы
Секция: Тарих, өлкетану, этномәдениеттану, әдебиет, тіл білімі, адам және қоғам
Ескерту! Бағыт пен секцияны қате таңдап, реніш болып жүрмесін...(техника тек қана информатика секциясына қажет, презентация қабылданбайды; оқушының шешендік қабілетін дамыту мақсатында А3, А4 парағына көрнекілік жасап, өз ойын еркін түрде жеткізу талап етіледі)