турслет-2024
турслет 2023
лицей балы

Қаныш және ғылыми майдан

Қаныш және ғылыми майдан1

08.04.2025 жылы Екібастұз қаласы, «Зерде» мамандандырылған мектеп-лицейінде Санжар Керімбайдың “Қаныш және ғылыми майдан” кітабы бойынша өткізілген әдеби-ғылыми сайыстың шешуші кезеңі “Самғау” шығармашылық орталығында өтті.
Ақтық сайысқа 50 оқушының арасынан үздік деп танылған 10 оқушы жолдама алып, білімдерін сынады.
«Қаныш және ғылыми майдан» кітап оқу сайысында «Қаныш ізбасары» номинациясын иеленген оқырмандар:
Тұрмағамбет Дамира, Төлебек Елдос, Жумаканова Айым, Хуатжан Дина, Сейіт Шыңғыс, Мусабеков Береке, Мұхтар Аяла .

«Қаныш және ғылыми майдан» кітап оқу сайысында жүлделі ІІІ орын иеленген - Еркін Дариға (40.000 теңгелік сыйақыны ұтып алды); жүлделі ІІ орын иеленген - Қадырхан Нұрлан (60.000 теңгелік сыйақыны ұтып алды); жүлдері І Орынды иеленген - Амантай Інжу (100.000 теңгелік сыйақыны ұтып алды)!

Сайыс жеңімпаздарын марапаттауға демеушілік жасаған меценат Мереке Байжан, облыстық маслихат депутаты, ЖШС «Гидропром» директоры Культуманов Исламбек Махмеровичке және шараны ұйымдастыруға демеушік еткен ЖШС «Иртыш Интер фуд» директоры Амренов Сакен Құдайбергенович пен жеке кәсіпкер Қали Диас Қалиұлы Үлкен алғыс айтамыз!

Барлық қатысушыларға алғысымызды білдіре отыра шығармашылық шабыт пен толағай табыс тілегіміз келеді!