"Тілім менің ғасырларға аманат"– Абай Құнанбаевқа арналған әдеби кеш
Бүгін мектеп кітапханасында ұлы ойшыл, ақын Абай Құнанбаевтың (1845–1904) мұрасына арналған «Тілім менің ғасырларға аманат» атты әдеби кеш өтті. Шараның басты мақсаты – Абай шығармалары арқылы қазақ тілінің байлығын, көркемдігін насихаттау және оқушылардың ана тіліне деген құрметін арттыру болды.
Кеш барысында оқушылар Абайдың өлеңдерін мәнерлеп оқып, қара сөздерінен үзінділер келтірді. Сонымен қатар ақынның өмір жолы мен шығармашылығы туралы қызықты деректер ұсынылып, бейнематериалдар көрсетілді.
Іс-шараға қатысқан оқушылар қазақ тілінің құндылығын, оны келер ұрпаққа жеткізудің маңызын атап өтті. Әдеби кеш жас ұрпақтың рухани дамуына, тілге деген сүйіспеншілігін арттыруға үлкен үлес қосты.
Бұл кездесудің басты үндеуі – «Тілім – менің мәңгілік мұрам, ғасырларға аманат» деген ойды әр жүрекке жеткізу болды.