Мектеп Президентін сайлау
Биылғы оқу жылының маңызды оқиғаларының бірі – мектеп президентін сайлау болды. Бұл шараға 8–10-сынып оқушылары белсене қатысып, өз үміткерлерін ұсынды. Сайлау алдындағы үгіт-насихат кезеңінде кандидаттар өз бағдарламаларын таныстырып, мектеп өмірін жақсартуға арналған ұсыныстарын айтты.
Сайлау күні ашық және әділ дауыс беру ұйымдастырылды. Әр оқушы өз таңдауын жасырын дауыс беру арқылы білдірді..Бұл іс-шара оқушыларға азаматтық жауапкершілік пен демократиялық құндылықтардың маңызын сезінуге мүмкіндік берді.
«Сайлау қорытындысы дауыс санау аяқталған соң тексеріліп, нәтижесі алдағы күндері ресми түрде жарияланатын болады.»