Сенбілік-таза орта, жарқын болашақ!
Бүгін біздің мектеп ауласында үлкен сенбілік өткізілді. Оқушылар, ұстаздар бірігіп, аумақты тазалап, жасыл желекке күтім жасады.
Іс-шара барысында балалар жапырақтарды сыпырып, қоқыс жинап, гүлзарларды ретке келтірді. Барлығы да табиғатты аялаудың маңызын түсініп, бірлесе еңбек етудің қуанышын сезінді.
Сенбілік тек тазалық шарасы ғана емес, достықты нығайтып, қоршаған ортаға деген жауапкершілікті арттыратын маңызды дәстүр екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.
Таза мектеп – жарық болашақ кепілі!