Ұстазым-ұлағатым, Үлгі-өнегем!
Мектепте Мұғалімдер күні өтті
Біздің мектебімізде дәстүрлі түрде Мұғалімдер күні аталып өтті. Бұл күн – шәкірт жүрегіне жол салып, білім нәрін дарытқан ардақты ұстаздарға арналған ерекше мереке.
Мерекелік іс-шарада оқушылар ұстаздарын ән-жырмен, биімен, өлеңдерімен қуантты. Әр сынып өздерінің алғыс сөздерін білдіріп, жылы лебіздерін жеткізді.
Мерекеге арнайы ардагер ұстаздар да шақырылды. Олар шәкірттерінің ыстық ықыласына бөленіп, жас мұғалімдерге жүрекжарды тілектерін айтты. Ардагер ұстаздардың еңбегіне тағзым етіп, мектеп ұжымы алғыс білдірді.
Бұл күн барша ұстаздар қауымы үшін ерекше қуаныш пен құрметке толы мереке болды.
Оқушылардың ыстық ықыласы мен алғысы – ұстаздар үшін ең үлкен сый.