7-9 -сыныпқа оқушыларды конкурстық іріктеуге өтініштерді қабылдаймыз!
Екібастұз қаласы "Мемлекеттік тілде оқытатын дарынды балаларға арналған "Зерде"
мамандандырылған жалпы білім беру мектебі" мемлекеттік мекемесі
2019-2020 оқу жылына 7-9 - сыныптар үшін бос орындарға конкурстық іріктеу кезеңіне қатысуға өтініштерді қабылдайтынымызды хабарлаймыз!
Конкурсқа өтініштер 2019 жылдың тамыз айына дейін қабылданады.
http://mektep.smartekibastuz.kz/ сайтына электронды түрде конкурсқа қатысуға өтініш беруге болады.
Сайтта тіркелуден өткен уақытта төмендегі құжаттардың скан көшірмесін жіберіңіз:
1. Үміткердің ЖСН көрсете отырып, туу туралы куәлігін;
2. 3х4 фото (электронды)
3. Грамота, алғыс хаттарының скан көшірмелері
Ата-аналары (заңды өкілдері) атынан өтінішті бергенде цифрлық қолтаңба қажет болады.
Егер цифрлық қолтаңба болмаса мектептің қабылдау бөлмесіне келіп өтінім беру.
Іріктеу конкурсы :
1 - сыныпқа 2019 жылдың 3 тамызында өтеді.
7-9 -сыныптар үшін тамыз айында өтеді. Өту датасы қосымша хабарланады.
Назар аударыңыз:
Өтінішті сайт арқылы берген кезде келесі қадамды орындаңыз:
1. Компьютерде NCA Layer бағдарламасын компьютеріңізге жүктеңіз.
2. ЭЦҚ (сандық қолтаңбаның) қолданып, өтінім беріңіз.