Республика күні – ел бірлігінің мерекесі
25 қазан – Қазақстан Республикасының Республика күні. Бұл күн – еліміздің тарихындағы маңызды мереке, егемендіктің бастауы. 1990 жылы дәл осы күні Қазақ КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылданып, тәуелсіздікке жол ашылды.
Осыған орай біздің мектебімізде «Республика күні – ел мерейі» атты мерекелік іс-шара өтті. Шараның мақсаты – оқушылардың бойында отансүйгіштік сезімін қалыптастыру, еліміздің тарихына деген құрметті арттыру болды.
Мерекелік бағдарлама барысында оқушылар қойылым көрсетті. Балалар хоры әсем ән шырқап, көрерменге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Іс-шара соңында барлығы бірігіп «Атамекен» әнін орындап, мерекені ерекше рухпен аяқтады.
Мұндай іс-шаралар жас ұрпақтың жүрегіне елге деген сүйіспеншілікті ұялатып, тәуелсіз еліміздің қадірін терең түсінуге мүмкіндік береді.

