Облыстық Абай Оқуларының " Көңлім әнді ұғады" аталымы бойынша 10б сынып оқушысы Нүптеке Каусар 2-орынды иеленді.
Облыстық Абай оқуларында жүлделі ІІ орын
Ұлы ақын Абай Құнанбайұлының шығармашылығын насихаттауға арналған облыстық Абай оқулары биыл да жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Аталған байқау жас ұрпақтың рухани дамуына ықпал етіп, әдебиетке деген қызығушылығын арттыруды мақсат етеді.
Сайыстың “Көңлім әнді ұғады” аталымы бойынша мектебіміздің 10 «Б» сынып оқушысы Нүптеке Каусар өнер көрсетіп, өз талантымен көпшілікті тәнті етті. Ол Абай әндерін орындауда ерекше шеберлік танытып, шығарманың мән-мағынасын терең жеткізе білді.
Қазылар алқасының шешімімен Нүптеке Каусар жүлделі ІІ орынға ие болды. Бұл – оқушының қажырлы еңбегі мен ұстаздарының жүйелі дайындығының нәтижесі.
Жас өнерпазды жеңісімен құттықтай отырып, алдағы уақытта да биік белестерді бағындыра беруіне тілектеспіз!
