Мен OFFLINE
Мамандандырылған «Зерде» балалар мектебінде 21-26 қаңтар күндері аралығында Халықаралық интернетсіз күніне арналған «Мен OFFLINE» республикалық кең ауқымды балалар акциясы өткізілді.
Акция мақсаты: интернетке тәуелділіктің алдын алу, интернет-қызметтерді пайдаланушылардың жауапкершілігін, Интернет-пайдалану мәдениетін арттыру. 1- 8- сынып оқушыларымен «Интернетсіз бір күн» атты тақырыпта сынып сағаттары өткізілді. Сынып сағат барысында оқушыларға интернетті дұрыс пайдалану жолдары, зияны мен пайдасы туралы түсінік берілді.
1-11 сынып оқушыларымен тақырыптық жиналыс өткізілді.Оқушылар акция мақсатын түсініп, өз пікірлерімен бөлісті.
1-4 сынып оқушылары аралығында «Мен OFFLINE (оффлайн)» атты тақырыпта суреттер сайысы өтті. Сайыс қорытындысы бойынша І – орын 4- сынып оқушысы Ағзап Аружан , ІІ орын 2- сынып оқушысы Мереке қызы Мадина , ІІІ - орын 2- сынып оқушысы Жанұзақ Айша.
8-10- сынып оқушылары арасында «Мен OFFLINE (оффлайн)» тақырыпта эссе жазды. Эссе қорытындысы бойынша 8а -сынып оқушылары арасынан
І - орын Камалиева Бота , ІІ- орынды Умарова Раушан , Амренова Альнура, ІІІ орын Сагинтаева Нурай, Әбділ Талшын, Махмутқызы Сабина.
10- сыныптар арасында Кудайбергенова Камила І орын, Амантаева Зарина ІІ орын, Ақылбекұлы Санжар ІІІ орынды иеленді.
5-6 сынып оқушылары «Интернет – сауаттылық дегенді қалай түсінесің?» сауалнама алынды.
Халықаралық интернетсіз күніне арналған «Мен OFFLINE (оффлайн)» республикалық акциясының маңызын оқушылар түсінді.