Бос орындар
«Мемлекеттік тілде оқытатын дарынды балаларға арналған «Зерде» мамандандырылған жалпы білім беру мектебі» мемлекеттік мекемесі конкурстық негізде бос орынға қызметкер қабылдайды.
Математика пәнінің мұғалімі - 1.
Конкурсқа өтінімдер мектептің қабылдау бөлмесінде қабылданады. Конкурстың өту күні мен уақыты қосымша хабарланатын болады.
Талаптар: Еңбек өтілі 3 жылдан кем емес, Жоғары және бірінші категориялы, Жаңартылған білім мазмұны бойынша курс сертификаты болуы қажет.
Функционалдық міндеті:
- мемлекеттік білім стандартына сәйкес, өз пәнінің ерекшелігін ескере отырып оқушыларды оқыту мен тәрбиелеуді жүзеге асырады;
- оқушының өзіндік жеке қабілетіне айқындап оның дамуына жағдай жасайды, оқушының жалпы мәдиниетін, әлеуметтенуінің қалыптастырады;
- оқытудың түрлі әдіс-тәсілдерін пайдаланады;
- өз пәні бойынша қажетті жоспарларды жасайды;
- оқушылардың стандарттан тыс, кеңейтілген мазмұнда білім алуын қамтамасыз етеді;
- оқушыларды пән олимпиадасына, ғылыми жобалар сайысына дайындайды.
- ғылыми-әдістемелік орталықтың қызметіне көмектеседі;
- өзінің кәсіби шеберлігін, білімін жүйелі түрде көтереді;
- ата-аналармен тығыз байланыс орнатады;
- мектептің ішкі режимін бұзылмауын қадағалайды. өзі бұлжытпай орындайды;
- техника қауіпсіздігі мен өрт қауіпсіздігінің ережелерін білуге, қолдана білуге, оқушыға ақыл-кеңес беруге міндетті;
- оқу процесінде оқушының денсаулығы мен өміріне жауапты;