18.01.2023 . Нағима Сапарқызының Кубогіне арналған дебат турнирі
18.01.2023 жылы Қаңтардың 18-інде өткен Нағима Сапарқызының Кубогіне арналған дебат турнирі америкалық парламенттік формат (АПФ) түрінде өтті. Финалдық кезең тақырыбын Нағима Сапарқызы ұсынып, Шерхан Мұртазаның “Бір кем дүние” туындысында көтерілген мәселелер оны толғандыратынын айтқан еді. Финалға қатысқан ең үздік спикерлерден құралған “Желто қсан” тобы Үкімет позициясында, “Жарқын” тобы Оппозиция болып, “Қазіргі қазақ қоғамындағы бір кем дүние” тақырыбында пікір таластырды. Қазіргі ана тіліміз — қазақ тілінің жағдайы, қоғамдағы адами құндылықтар қызу талқыға салынды. Аргументтеріне нақты фактілер келтіре отырып, әр топ өз позициясын қорғауға барын салды. Нәтижесінде Ниязова Дильназ бен Рахимбеков Жәңгірдің “Желтоқсан” тобы жеңіске жетіп, ауыспалы Кубокті иеленді. Осы топтың премьер-министрі Ниязова Дильназ “Ең үздік спикер” атанды. “Жарқын” тобының мүшелері Жаикбаева Таисия мен Хабдуллова Ардана да аянбай, финалға лайық қарсылас бола білді. Ауыспалы Кубок дәстүрлі түрде ауқымы кеңейтіле отырып өткізу жоспарлануда. Дебатшыларымызға, төрешілік еткен облыстық дебат турнирінің жүлдегері 11-сынып оқушысы Жакупова Камилаға, таймкипер болған өзін-өзі басқару ұйымының дебат қозғалысы бойынша министрі, 9 б сынып оқушысы Турсынбекова Каусарға алғысымыз шексіз! @bilim_basqarmasy @samal.aitkazina @bilim_ekibastuz @icro_pvl.kz @ekibastuz_otarka @ekibastuzskaia @kgubaietskaia