20.01.2023 «Ұстаздардың ұстазы»
20.01.2023 жылы мектебімізде өткен «Ұстаздардың ұстазы» қалалық ісшараның мақсаты - Қазақ КСР-і «Халық ағарту ісінің үздігі», «Құрмет» орденінің иегері, тіл жанашыры Мейірман Жеңіс Шанаққызы мен мектебіміздің тұңғыш директоры, Қазақ КСР-і «Оқу ісінің үздігі» Нағима Сапарқызы Қуанышева атындағы қазақ тілі, тарих кабинеттерінің үздіксіз дәстүрлі жұмысын жүзеге асыру. Осы мақсатта Ж. Мейірман атындағы аймақтық қазақ тілі мен әдебиеті пәні олимпиадасы мен Қуанышева Нағима Сапарқызы атындағы «Қазақ қоғамындағы бір кем дүние...» тақырыбында дебат турнирі өтті. Олимпиадаға тірек мектептері: Екібастұз, Байет орта мектептерінен оқушылар қатысты. Олимпиада, дебат турнирі жеңімпаз, жүлдегерлеріне Ұлағатты ұстаздар жеңімпаз Кубогы мен жеке кітапхана қорынан танымдық кітаптар сыйға берілді. Мектептің даму қорынан «Отбасы хрестоматиясы» сериясымен жарық көрген әдеби кітаптар табысталды. Ісшара қонақтары:Мейірман Жеңіс Шанаққызы – Қазақ КСРО халық ағарту ісінің үздігі, Екібастұз қаласының құрметті азаматы; Куанышева Нағима Сапарқызы – мектебіміздің тұңғыш директоры, КСРО халық ағарту ісінің үздігі; Абелькасимова Алма Бектенқызы – Қалалық білім бөлімі ардагерлер кеңесінің төрайымы; Манапов Медғат Жанайдарұлы – Екібастұз қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту, дене шынықтыру, спорт бөлімінің басшысы; Сеитова Гүлбаршын Арқалыққызы – қалалық қазақ тілі қоғамының төрайымы; Рақымжанова Алима Сағидоллақызы – қалалық білім бөлімі кәсіподақ басшысы, Мектеп түлегі, жас ақын Әміренов Ерболат Теңдікұлы және мектебіміздің ардагер ұстаздары қатысып, салтанатты кездесуде ұстаз мамандығының қыр-сыры айтылып, естеліктермен ой бөлісті. Жас мамандар мен мектеп түлектеріне бағыт-бағдар берілді.
@bilim_ekibastuz @bilim_basqarmasy @samal.aitkazina @ekibastuz_otarka @icro_pvl.kz @ekibastuzskaia @kgubaietskaia