"Бір жасың құтты болсын!" Зерде мектебі Көрісу күні – Амал мерекесін қалай тойлады?
Зерде мектебі 14 – наурыз күні сабақ басталар алдында таңертең «Көрісу күні – Амал» мерекесін тойлап бастады. Кезекші 6Б-сынып оқушылары және де ата-аналардың ұйымдастыруымен мектеп мұғалімдерімен, оқушыларынқарсы алып, амандасып арнайы жайылған дастарханнан дәм ұсынды. Бұл күні адамдар бір- біріне:
- "Бір жасың құтты болсын!" – деген тіркестерді айтып төс қағыстырады. Ұлттық мереке қарсаңында ең алғаш болып тойланатын Амал мерекесі баршамызға құтты болсын!
Мереке қарсаңында бізге осындай көңіл-күй сыйлаған 6Б-сынып оқушыларымен, ата-аналарына және де сынып жетекшісі Камбарова Алуа Есенбековнаға алғысымызды білдіреміз!
"Бір жастарыңыз құтты болсын оқырман!"
Нұрназ Сайлауханқызы