турслет-2024
турслет 2023
лицей балы

«Жақсы кітап – жан азығы»

       Наурыздың 14 жұлдызында «Зерде маманадандырылған мектеп-лицейінде «Сұлу болсын ғұмырың» клубының ұйымдастырумен    «Жақсы кітап – жан азығы» тақырыбына арналған кезекті  іс-шарасы өткізілді.

Іс-шараның мақсаты оқушыларды кітап оқу  арқылы дүниетанымын кеңейтуге, көркем шығармалардың тамашалығын сезінуге, оқығандарын дұрыс бағалай алуға, оқыған кітаптары жайлы бір-біріне айтып, қызықтыруға, өмірде, еңбекте, оқуда, кітапты пайдалануға насихаттау болып табылды. Кеш кейіпкерлері «Зерде» мамандандырылған мектеп-лицейінің 9-10-сынып оқушылары болды.

WhatsApp Image 2024 03 15 at 11.29.30 2

      Атаулы кеш қонақтары мектебіміздің тұңғыш директоры «Екібастұз қаласына 50 жыл» белгісі,  «Қала алдында сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісі, «Дарын» республикалық ғылыми практикалық орталығының құрмет грамотасы,Екібастұз қаласы әкімінің құрмет грамотасы,  Екібастұз қаласы әкімдігінің алғыс хаты ,Облыстық білім департаментінің «Дара ұстаз» сертификаты   иегері Қуанышева Нағима Сапарқызы және Екібастұз қалалық «Отарқа», Баянауыл аудандық «Баянтау» газеттерінің штаттан тыс тілшісі. «Қыркүйекте көктем бар», «Қалқа жүрек», «Тоқсанның төріндегі ауылым», «Жанарыңнан айналдым» кітаптарының авторы мектеп түлегі Амренов Ерболат. Кештің өтуіне себепкер ақпан айында қалалық мәдениет үйінде өткен Санжар Керімбайдың  «Өзбекәлі және мәдени майдан» атты кітабының тұсаукесерінде Анаргүл Еренқызы жетекшілік ететін 9 «б» сыныбы толық сынып ұжымы қатысты. Сол тұсаукесердің соңында кітап жәрмеңкесінде Ерболаттың  10 кітап сатып алғанына таңғалып, оқушының қойған сұрағына Ерболаттың үйімде 4 000 кітап бар деген жауабы оқушыларды қызықтырып, осы Ерболатпен кездесу өткізуді сұрады. Сол сұраныстың сәті осы күнге түсіп отыр. – дейді кеш жүргізушісі Капашева Қ.Қ.

WhatsApp Image 2024 03 15 at 11.29.30 1

       Бұл кеште оқушылар кеш қонақтарына өздерінің кітап жайлы көкейлерінде жүрген сұрақтар қойып қызықты жауаптарын алды. Кеш соңында кітап асыл мұра Нағима Сапарқызы кітапты тек бос уақытта ғана емес күнделікті арнайы уақыт бөліп, зейін қойып сол оқыған азығыңды өз басыңнан сараптап жүрекке жеткізіп оқу керектігін атап өтті. Нағима Сапарқызы  «Зерде» мектебінде әдеби клуб ашылуын ұсынды. Мектеп басшысы Нұржан Бахриденұлы кеш қонақтарына алғыс айта отырып, алдағы уақытта әдеби клуб мектеп түлегі Амренов Ерболатпен бірге бірлесе отырып ашылатынын айтты.

WhatsApp Image 2024 03 15 at 11.29.30

      Қорытындылай келе айтарым ең бастысы кітаптың жанға руxани азық болар қасиетін түсіну. Әр оқушының сүйікті жанына азық болатын сүйікті кітабы болуы керек. Мен үшін бұл кеш өте әсерлі болып өтті. Алдағы уақытта оқушыларға рухани азық болатын әдеби клубтың ашылуын асыға күтеміз. Жан азығымыз болатын жақсы кітаптарымыз көп болсын оқырман.

                                                                                           Нұрназ Сайлауханқызы