Математикалық алаң
26 наурыз күні "Зерде" мамандандырылған мектеп-лицейінде мектебіміздің 20 жылдығына орай қалалық "Математикалық алаң" атты сайыс өтті. Аталмыш сайысқа қаламыздың 10 мектебінен 3-4 сынып оқушылары келіп қатысты.
"Математикалық алаң"- сайысын саяхат сабақтар қатарына жатқыза отырып , күндегі сыныптағыдай партаға отырып емес жүріп орындайтын, қызығымен қатар қиындығы бірге жүретін топтық сайыс болып табылады. Бұл сайыста ойнай жүріп тапсырмаларды орындау барысында есептердің қиын екенін сезбей қызығына батып кететін жағдайлар орын алады. Мектеп бағдарламасына сәйкес және логикалық ойды дамытатын тапсырмалар болды : теңдеу шешу, мәтінді есеп, математикалақ амалдар туралы білімі, формулалар, өлшем бірліктер.
Сайыстың барысы 6 аялдамадан тұрды:
1. «Сандар сөйлейді»
2. «Есепке кім жүйрік?»
3. «Блиц – турнир» (тест)
4. «Кім жылдам?» (Өлшем бірліктері)
5. Логикалық есеп
6. Тәжіибелік алаң
Сайыстың нәтижесі осы аялдама парағындағы уақыттар бойынша есептелініп әр аялдамадағы тапсырмаларды орындаумен анықталды.
Ең алдымен қатысушылар мен қонақтарымызға мектебіміздің "Роботтар шеруі" көрсетілді. Одан кейін "Математикалық алаң" сайысының ашулы салтанаты өтті. "Математикалық алаң"- сайысын саяхат түрінде басталды. Өте қызықты, шытырман, тапсырмаларды орындай отырып мектебімізбен танысты. Аялдама парағындағы барлық тапсырмаларды орындағаннан кейін, әділ-қазылар алқасының шешімі дайын болғанша қонақтарға "Қорамсапқа қол салып..." атты садақ атуға байланысты шеберлік сағаты өткізілді. Қонақтарымыз сайысқа қатысып қана қоймай, шеберлік сабағын ала отырып кезек-кезек алғаш рет садақ атты.
Сайыстың қорытындысына келсек ІІІ орынды Сарықамыс мектебі -"Бірлік" командасы, ІІ орынды - №26 мектеп-гимназиясы "Трапеция" командасы, І орын ауыспалы кубокты №18 мектеп - "Эврика" командасы жеңіп алды.
Бұл сайыста "Жүзден жүйрік , мыңнан тұлпар" анықталды деген ойдамыз.
Нұрназ Сайлауханқызы
26.03.2024 жыл