15.04.2024. «Оқуға құштар мектеп» акциясы аясында «Шыңырау» повесі бойынша болған іс-шаралар қорытындысы
2024 жылдың наурыз – сәуір айларында «Зерде» мамандандырылған мектеп-лицейінде Зерде мамандандырылған мектеп-лицейінің" оқушылары Қазақстанның халық жазушысы , мемлекет және қоғам қайраткері Әбіш Кекілбайұлының "Шыңырау" повесін оқыды. Осы жоба шеңберінде оқушыларымыз повесть бойынша диктант жазды. 5-6 сыныптар арасында "Дарабоз" атты зияткерлік ойын өткізілді,6-8 сынып оқушылары тест тапсырды. 7-8 сынып оқушылары үзінділерді мәнерлеп жатқа оқу, эссе жазу сайыстары сияқты іс-шаралар өткізілді.
01.04.2024 – Ә.Кекілбаевтың «Шыңырау» повесі бойынша педагогтер қауымына, оқушыларға диктант жазғызу. Қатысқан оқушылар саны – 50.
04.04.2024 – 05.04.2024 – 5-6 сыныптар арасында шығармада берілген табиғатты, оқиғаларды бейнелеу бойынша сурет сайысын ұйымдастыру. Қатысқан оқушылар саны - 9. Жеңімпаздар: І орын – Кизирова Мадина (5ә), ІІ орын – Дюсетай Жансая (5б), Жүрсін Диана (5б), Мақұлбек Мөлдір (6б), ІІІ орын – Қанат Перизат (5ә), Дулат Әдемау (5ә).
08.04.2024 – 5-6 сыныптар арасында «Шыңырау» повесі бойынша «Дарабоз» зияткерлік ойыны өткізілді. Нәтижесінде – І орын – 6а сыныбы, 6б сыныбы, ІІ орын – 5ә сыныбы, ІІІ орын – 5б сыныбы.
09.04.2024 – 5-6 сыныптар арасында викториналық сайыста 6б сынып оқушысы Кәрібай Диас жеңіске жетті. ІІ орын иегерлері – Зейнеділ Хақназар (6б), Асайын Назерке (6а), ІІІ орын иегерлері – Амантай Іңкәр (6а), Мухамед Назым (5б), Өміржан Әбілмансұр (5б).
11.04.2024 күні өткізілген тест жұмысында бас жүлдеге ие болған – 7б сынып оқушысы Дарханқызы Аружан. І орын – Кәрібай Диас (6б), Жанайдар Ләйлім (6а), Асылғазы Інжу (7б), ІІ орын – Зейнеділ Хақназар (6б), ІІІ орын – Асайын Назерке (6а), Амантай Іңкәр (6а), Алтай Айғаным (6б)
12.04.2024 күні 7-8 сыныптар арасында өткізілген мәнерлеп оқу сайысында І орын – Нұрлыбекова Айбике (8а), ІІ орын – Қырықбаева Нұрай (7б), Абильдина Медина (8б), Нүптеке Кәусар (8б), ІІІ орын – Жумабаева Аяжан (7а), Баженеева Айша (8а), Мейрам Арайлым (8а), Өкен Сабина (8а).
11.04.2024 – «Шыңырау» повесі бойынша жазушының жазушылық шеберлігі, шығарманың жаңашылдығы бойынша эссе жазудан І орын алған – Қайыркен Назерке, ІІ орын – Абсаттарова Дария, ІІІ орын – Турсынбекова Каусар.
Сонымен қатар келесі оқушылар :
Нұрлыбекова Айбике, Қайыркен Назерке, Дарханқызы Аружан, Кәрібай Диас, Жанайдар Ләйлім облыстық кезеңде 15 сәуір күні мектеп намысын онлайн режимде қорғады.
"Зерде мамандандырылған мектеп-лицейі"