турслет-2024
турслет 2023
лицей балы

17.04.2024. Жеңіс Мейірманова атындағы ІІ қалалық олимпиада

              17 сәуір күні мектебімізде Қазақ КСР-і «Халық ағарту ісінің үздігі» , «Құрмет» орденінің иегері Жеңіс Шанаққызы Мейірман атындағы қазақ тілі мен әдебиетінен ІІ қалалық пән олимпиадасы өтті. Олимпиаданың мақсаты   оқушылардың шығармашылық қабілетін, эстетикалық талғамын, ана тілге деген құрметін, шығармашыл, дарынды балаларды  танып, болашақ сайыс қырандарын қалыптастыру және де ұлағатты ұстаз Мейірман Жеңіс Шанаққызының  ерен еңбегін ұлықтау арқылы оқушылар алдында ұстаз мерейін арттыру болып табылды. Іс-шараға қаламыздың 11 мектебінен  23 оқушы қатысты.

WhatsApp Image 2024 04 18 at 16.42.12

      Алға озып, І орынға ие болған жеңімпаздар :

Бокенова Аружан - №25 «Қазақ қыздар гимназиясы»

Амангельдинова Аяна - №25 «Қазақ қыздар гимназиясы»

Ермекқызы Камила – «Екібастұз ЖОББМ»

Темиргалиева Амина – «№5 ЖОББМ»WhatsApp Image 2024 04 18 at 16.41.20

        Жүлдегерлер І,ІІ,ІІІ дәрежелі дипломдармен, алғыс хаттармен марапатталды. Жеңімпаз оқушыларға сыйлық ретінде мектебіміздің түлектері Амренов Ерболат пен Төлеутай Еламанның кітаптары берілді.
      Білім бәсекесінде қасиетті ана тіліміздің кеніне бойлап, байлығын меңгеруді мақсат еткен, әдебиетіміздің қайнар бұлағымен сусындап, рухани дүниесін жаңғыртуға бет бұрған, асыл сөзді қадірлеген шығармашыл, дарынды оқушыларымыз көбейе берсін.